Әлем бойынша өте белсенді ағым болып есептеледі.
Исламтанушы Асқар Сабдин әнші Рүстем Жүгінісов туралы пікір білдірді. Бұл туралы ол Еrbol Seilkhan Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Салафизмнің ішінде қазіргі таңда мадхализм деген ағым бар. Әлем бойынша өте белсенді ағым болып есептеледі. Бұлардың ең үлкен витринасы — «біз билікті жақсы көреміз. Кез келген билікке қарсы шығуға болмайды» дейді. Әнші Рүстем Жүгінісов салафизмнің ішіндегі мадхализм ағымына жақындау. Себебі жанында “ұстаз” деп жүрген жігіттер сол діни идеологияны таратып жүр. Қазақстанда мадхализм ағымын ұстанатын 20 мың адам бар. Мадхализм салафизмнің ішінде әдемі витринасы бар, бірақ кейбір елдерде қан төгіп жүрген ағым. Мысалы, Ливияда», — деді исламтанушы.