$ 538.03  629.23  6.74

Тақтан тайған әулет: Оңтүстік Кореяның бұрынғы бірінші ханымы қамауға алынды

Ким Кон Хи бұл айыптауларды жоққа шығарды.

Фото: РБК
Фото: РБК

Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёльдің жұбайы, 52 жастағы Ким Кон Хи сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірқатар айып бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оған қымбат сыйлықтар түрінде пара алу, сайлау процесіне заңсыз араласу және Deutsch Motors автодилерінің бағалы қағаздарымен алаяқтық жасау айыптары тағылған.

Ким Кон Хи бұл айыптауларды жоққа шығарды. Алайда төрт сағатқа созылған сот тыңдалымынан кейін, дәлелдемелерді жойып жіберу қаупіне байланысты, ол қамауға алынды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары