13.08.2025, 16:00

Астанада 6 жастағы бала 9-қабаттан құлап, аман қалды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/qara_astana

Баланың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. 

Астанадағы көпқабатты үйде 6 жастағы бала 9-қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бала екінші қабаттағы күнқағарға түсіп, сол жерде тұрған әйел мен көмекке келген жігіттердің арқасында аман қалды.

Куәгерлердің сөзінше, сол қабатта тұрған бір әйел баланы құлап кетуден ұстап тұрған, ал 3 жігіт жедел әрекет етіп, ішке кіріп, біреуі күнқағарға шығып баланы терезе арқылы пәтерге кіргізген.  Сол сәтте бала есін жиып, жылаған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 2019 жылы туған бала жедел жәрдем арқылы №2 көпсалалы балалар ауруханасына жеткізілген.

Дәрігерлер оның денесінде ауыр жарақаттар барын айтып, жағдайын ауыр деп бағалап отыр.