13.08.2025, 16:20

«Жағдай өте ауыр»: Эдуард Базров Шавкат Рахмоновтың қазіргі дайындығы туралы айтты

Фото: yahoo.com

Еске салсақ, 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында қайғылы жол апаты болды.

DAR PRO Team бас бапкері Эдуард Базров Legalbet.kz тілшісіне шәкірті, UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың қазіргі жағдайы мен 2025 жылдың соңына дейін октагонға шығу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

– Шавкатқа қатысты қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Бір нәрсе анық – ол жаттығып жүр. Әрине, жағдай өте ауыр… Психологиялық тұрғыдан да өзіңді жұмысқа бейімдеу қиын. Бірақ Шавкат – мінезі мықты жігіт. Қолынан келгенінше жаттығып, бабын сақтап жүр, – деді Базров.

Ол алдағы уақыттағы жағдайға болжам жасай алмайтынын айтты:

– Не боларын тек Алла біледі. Қазір ол жаттығып жүр, – деді бапкер.

Еске салсақ, 2025 жылғы 27 шілдеде Алматы – Екатеринбург трассасында қайғылы жол апаты болды. Әлеуметтік желідегі деректерге сүйенсек, көліктердің бірін UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың жары айдаған. Кейін Жамбыл облысы Полиция департаменті Гулайым Рахмонованың бұл істе куәгер мәртебесінде екенін мәлімдеді.