14.08.2025, 17:40

Оралда қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Оқиға Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесіндегі №17 үйдің маңында болған.

Орал қаласында өтіп бара жатқан тұрғындар қоқыс контейнерінен жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Зачаганск кентіндегі Бірлік көшесіндегі №17 үйдің маңында болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта ресми түсініктеме берілген жоқ.

Қайғылы жайттың мән-жайы анықталып жатыр.