14.08.2025, 18:40

«Қыздар өте қатыгез»: Алматыдағы жаппай төбелестің видеосы тарады

Фото: Видеодан алынған кадр

Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді.

Желіде қаладағы шағын аудандардың бірінде болған қыздардың жаппай төбелесінің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Видео кадрларында қыздардың айқайлаған дауысы естіліп, бір-бірінің шашынан ұстап тұрған сәттері көрінеді.

"Иә, қыздар өте қатыгез болуы мүмкін", – делінген видеоның сипаттамасында.

Алматы қалалық полиция департаменті аталған видеоға қатысты пікір білдірді.

"Аталған дерек бойынша Әуезов ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Қақтығысқа қатысушылар мен оның мән-жайы міндетті түрде анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданады", – деді полиция.