15 тамызда Анкоридждегі әскери базада Дональд Трамп пен Владимир Путиннің саммиті өтеді.
Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ пен Ресей президенттерінің тарихи кездесуіне дайындық үшін Аляскаға келді. Ол жергілікті және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап бермей, үнсіз кетті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
15 тамызда Анкоридждегі әскери базада Дональд Трамп пен Владимир Путиннің саммиті өтеді. Ал оған дейін екі елдің жоғары лауазымды тұлғалары жабық есік жағдайында келіссөздер жүргізеді.
АҚШ делегациясында мемлекеттік хатшы Марко Рубио, Қаржы министрі Скотт Бессент, Сауда министрі Говард Лютник, арнайы өкіл Стив Уиткофф және ЦРУ директоры Джон Рэтклифф бар. Ресей делегациясына Лавровпен бірге Қорғаныс министрі Андрей Белоусов, Қаржы министрі Антон Силуанов және президенттің арнайы өкілі Кирилл Дмитриев кірді.
Кремльдің хабарлауынша, алдымен президенттер жеке сөйлеседі, кейін екі ел делегацияларымен бірге отырады. Соңынан бірлескен баспасөз мәслихаты жоспарланған. Бірақ Трамп журналистер алдында жалғыз шығу нұсқасын да қарастырып отыр.
Бұл кездесу Украинадағы соғысты тоқтатуға бағытталған үшжақты саммитке (Путин–Трамп–Зеленский) жол ашуы мүмкін деген болжам бар.