16.08.2025, 12:30

Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты

Фото: ҚазАвтоЖол

Toyota Alphard қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

15 тамыз күні сағат 14:00 шамасында «РФ шекарасы – Алматы – ҚХР шекарасы» тас жолының 925-шақырымында, Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында жол апаты болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Alphard қарсы бағытта келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алды.

«Оқиға орнын тексеру барысында жолдың төсемі асфальтбетоннан екені, көріну аймағы шектелмегені және жол бөлігі тегіс екені анықталды. Аталған учаскеде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде; тиісті жол белгілері ордерге сәйкес орнатылған, сондай-ақ жылдамдықты сағатына 40 км-ге дейін шектеу енгізілген», – деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».