$ 540.87  632.01  6.76

ШҚО-да ойнап жүрген қыз кір жуғыш машинаның ішіне қысылып қалған

Жанындағы 11 құрбысы абдырамай, төтеншеліктерге хабарласқан.

Фото: ТЖМ
Фото: ТЖМ

Риддерде үйде жалғыз қалып, ойнап жүрген екі қыздың бірі автоматты кір жуғыш машина ішіне кіріп, одан шыға алмай қалған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жанындағы 11 құрбысы абдырамай, төтеншеліктерге хабарласқан.

ТЖМ екі қыздың да жасы 11-де екенін нақтылап, осындай қиын жағдайда бірден өздеріне қоңырау шалып, құтқарушыларды шақырғаны үшін рақмет айтты.

"Құтқарушы көмекке келіп, баланың қысылған аяғын ақырын шығарып алды", делінген хабарламада.

ТЖМ ата-аналарға сақ болуды және балаларды жалғыз қалдырмауды ескертеді және төтенше жағдайда балаларды 112 нөміріне қоңырау шалуға үйрету керек екенін еске салады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары