17.08.2025, 08:30

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

Фото: Pixabay

Синоптиктердің түсіндіруінше, қазір Қазақстан аумағына циклондық белдеу әсер етіп жатыр.

Қазақстан тұрғындарына алдағы 17 тамыз, жексенбі күні ауа райының қолайсыз болатыны ескертілді. «Қазгидромет» РМК мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мамандардың айтуынша, солтүстік-батыстан келген циклон мен атмосфералық фронттар республика аумағында өз әсерін сақтап тұр.

Солтүстік пен орталықта – нөсер жаңбыр жауып, кей жерлерде қатты жел соғады Кей аймақтарда – бұршақ жаууы мүмкін Солтүстік-батыста және солтүстікте – түнгі және таңғы уақытта тұман күтіледі.

Синоптиктердің түсіндіруінше, қазір Қазақстан аумағына циклондық белдеу әсер етіп жатыр. Ол бұлттылықты арттырып, тұрақсыз ауа райын қалыптастыруда. Әсіресе жаздың соңғы айында мұндай құбылыстар жиі байқалады.

Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарға мына кеңестерді ұсынады:

Найзағай кезінде ашық далада ұзақ уақыт тұрмау; Қатты жел соққанда ағаштың, ескі құрылыстың жанында жүрмеу; Автокөлікті қауіпсіз жерге қою; Бұршақ пен нөсер жауын кезінде үйден шықпауға тырысу.