17.08.2025, 15:30

Каспий теңізінен үлкен қара дақ анықталды

Фото: lada.kz

Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

Кеше, 16 тамызда "Мөлдір әлем" жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

"Каспийдегі мөлдір әлем" жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Жобаға қатысушылардың айтуынша, ол мұнай немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін. 

Ол Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

"Бұл енді судағы кездейсоқ "лас дақ" емес, Каспий картасындағы тұтас қара белгі", – деп хабарлады Transparent World.

Олар мұндай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің жағдайы құриды деп алаңдайды.