$ 540.87  632.01  6.76

Астанада ашуға булыққан қыз анасын бірнеше рет пышақтап өлтірді

Оқиға болғаннан кейін ол полицияға да, жедел жәрдемге де хабар бермеген.

Фото: klops.ru
Фото: klops.ru

Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінде жантүршігерлік оқиға болды. Пәтерден қарт әйелдің пышақ жарақатымен мәйіті табылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Полиция оқиғаға күдікті ретінде марқұмның 30 жастағы қызын қамауға алды. Алдын ала деректер бойынша, бірнеше күн бұрын анасы мен қызы арасында тұрмыстық жанжал туындап, соңы қайғылы жағдайға ұласқан. Ашуға булыққан қыз анасына бірнеше рет пышақ сұғып, оның өмірін қиды.

Оқиға болғаннан кейін ол полицияға да, жедел жәрдемге де хабар бермеген. Әйелдің денесі пәтерде екі күн бойы жатқан. Мәйітті көршілердің дабылынан кейін ғана тәртіп сақшылары анықтады.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына жабылды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары