19.08.2025, 11:00

Астана маңында болған ұшақ апатының видеосы тарады (ВИДЕО)

Фото: Instagram/myastanacity

Бұл – жеке меншікке тиесілі жеңіл ұшақ еді.

17 тамыз күні Ақмола облысында апатқа ұшыраған UP-LA-229 әуе кемесінің құлау сәтін куәгер қазақ қызы телефонға түсіріп алған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

17 тамызда Астана маңында UP-LA-229 ұшағы апатқа ұшыраған еді. Салдарынан ұшқыш пен жолаушы қайтыс болған. Ал ұшақ құлаған сәтті тұрғындардың бірі видеоға түсіріп алған.