$ 540  630.72  6.72

Берденов ісі бойынша судья сот отырысында тілін шығарған (ВИДЕО)

Бұл қимылға не себеп болды?

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық журналист Ботагөз Омарова Руслан Берденовті өлтіруге оқталу ісін қараған судьяның камераға тілін шығарған видеосын жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Шымкентте судья Әбинұр Қарабаев журналистке қарап, ойнақы қимыл жасады. Журналист судьяның неліктен өз эмоциясын бұлай білдіргені әзірге белгісіз.

"Қарабаевқа не болды? Бұл қимылға не себеп болды? Бәрі жақсы ма? Мен білмеймін, мен ол үшін алаңдаймын", – деді Омарова.

Соңында журналист әріптестерінен Қарабаевтың тағы кімге тілін шығарғанын сұрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары