$ 538.33  626.99  6.71

Берденовке қастандық ісі: Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

Еске салсақ, 21 сәуір күні Жиембай Шымкенттегі әкімдік ғимаратының маңында Руслан Берденовке оқ атқан болатын.

Фото: rg media
Фото: rg media

Шымкенттегі атышулы қастандық ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ернар Жиембайға 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сот оны Қылмыстық кодекстің екі бабымен кінәлі деп тапты: 99-бап, 1-бөлік – «Адам өлтіру»; 24-бап, 3-бөлік – «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу, бірақ кінәліге байланысты емес себептермен аяқталмаған іс».

Еске салсақ, 21 сәуір күні Жиембай Шымкенттегі әкімдік ғимаратының маңында Руслан Берденовке оқ атқан болатын. Нәтижесінде қала әкімінің орынбасары ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары