$ 538.33  626.99  6.71

«Егер өлтіретін болсам, оны жібермес едім»: Берденовті атқан сотталушы үкіммен келіспейтінін жеткізді (ВИДЕО)

Ернар Жиембай кездесуге бірінші Берденовтің өзі шақырғанын айтты. 

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасағаны үшін сотталған Ернар Жиембай үкіммен келіспейтінін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Сотталушы өлтіру ниетім болса, жібермес едім дейді. 

"Үкіммен келіспеймін. Өлтіру ниетім болмаған. Мұны Руслан Арыстанбекұлының қорқыныштан айтып жатқан сандырағы деп ойлаймын. Егер өлтіретін болсам, ол кісіні жібермес едім. Сот үкімі адам өлтіру ниетінсіз, Қылмыстық кодекстің 106-бабы (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша деп күттім. Себебі нақты аяқталған қылмыс денсаулығына ауыр зиян келгені. Биологиялық өлім болған жоқ", - дейді сотталушы. 

Ол әзірге апелляциялық шағым түсіретінін я түсірмейтінін шешпегенін айтты.

“Әзірге нақты айта алмаймын. Келіншегім туралы ештеңе айтпаймын. Берденовке ота жасалғалы жатыр екен. Оны қазір айтып, қан қысымын көтергім келмейді. Негізі ол кісі мені бірінші шақырды. Себепсізден себепсіз дөрекілік танытты. “Ақымақсың, шашың түсіп қалған” деп айтып, жағама жармасты. Бұл сөзді оның көмекшісі, құрылыс бөлімінің бастығы да растады. Берденов бөлім бастығына: "Жиембайды менің көмекшіммен дөрекі қылық көрсеткені үшін түрмеге тоғытамын" деп айтты. Ал сіздер оған мән бермедіңіздер”, – деді сотталушы. 

Ернар Жиембай кездесуге бірінші Берденовтің өзі шақырғанын айтты. 

“Онымен кездесуге тырыстым. Себебі ол Forbes тізіміндегі адам, биліктің ең жоғары эшелонына жақын. Оның сотталуымды талап етпеуін және арамызда ешқандай жанжал болмауын қаладым. Сол үшін кездесуге бардым. Ол кездесуге мені өзі шақырды. Сосын: "Әйелің анау-мынау, сені түрмеге жабамын" деген сөздер шықты. 21 сәуірде өзі телефон соқты. Ол мені өзі шақырды ғой. Жарайды, көнеміз ғой енді”, – деді Ернар Жиембай.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары