$ 538.33  626.99  6.71

«Қолынан қатты тартқан»: Алматыда балабақша тәрбиешісі баланың маңдайын жарып жіберген

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматыдағы балабақшалардың бірінде балаға қатыгездік көрсету оқиғасы тіркелді. Оқиға Бостандық ауданында орналасқан №40 мемлекеттік балабақшада болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тәрбиешінің баланы қолынан қатты тартып қалғаны, содан кейін баланың басымен ағаш орындыққа соғылып қалғаны түсірілген видео тарады. Тәрбиешінің әрекеті салдарынан баланың маңдайынан ашық жара пайда болды.

Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, олар тәрбиешіні жауапқа тартуды талап етуде. Сондай-ақ олар тергеудің баяу жүріп жатқанына және құқық қорғау органдарының әрекеттері жеткіліксіз екеніне наразылық білдіруде.

Алматы қаласы Полиция департаменті аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Бұл дерек бойынша Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу бастады. Оқиғаның объективті мән-жайлары анықталуда. Нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнама аясында шешім қабылданады, – деді полицияда.

Қазіргі уақытта тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары