Оқиға орнында болғандар мұны барып тұрған надандық деп бағалап отыр.
Қазақстандағы бір перзентханада ақылға сыймайтын жағдай болды. Әйелі қыз бала тапқанын естіген ер адам ашуға мініп, дәрігерді соққыға жыққан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Куәгерлердің айтуынша, ер адам «ұл болады» деп үміттенген. Бірақ жары қыз босанғанын білген сәтте дәрігерге қол көтерген. Оқиға орнында болғандар мұны барып тұрған надандық деп бағалап отыр.
Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазба қоғамды дүр сілкіндірді. Желі қолданушылары «қыз болса адам емес пе», «дәрігердің кінәсі жоқ», «бұл жабайылықты тоқтату керек» деп ашу-ызаға толы пікірлер қалдыруда.
Мамандар мұндай әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін ескертті. Қазіргі таңда құқық қорғау органдары істі тексеріп жатыр.
Бұл жағдай қоғамдағы ең ауыр тақырыптардың бірін – қыз балаға деген көзқарас пен тұрмыстық зорлық-зомбылықты қайта көтерді.