20.08.2025, 18:20

Атышулы Хасан Қасымбаев соты: Екі прокурордың бірі істен шеттетілді

Фото: Еламан Тұрысбеков/Kazinform

Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Талғар аудандық сотында Хасан Қасымбаев және өзге де күдіктілерге байланысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Сот басталғаннан кейін айыпталушылардың адвокаттары прокурорды ауыстыруды өтінді.

Бір сағаттық үзілістен кейін судья Айнагүл Тұқыбаева бұл өтінішті қанағаттандырып, мемлекеттік айыптаушы залдан шықты.

Сот отырысы екінші прокурор — Ерлан Құланбаевтың қатысуымен жалғасып жатыр.