$ 538.33  626.99  6.71

«Ей, сен еркек емессің»: Елге танымал имам әйелдерді қамшымен ұрыңдар деп насихат жүргізген (ВИДЕО)

Фото: muftyat.kz
Фото: muftyat.kz

Исламтанушы Ризабек Батталұлының “әйелді қамшымен ұрыңдар” деген сөзі әлеуметтік желілерде қызу талқылануда, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол әйелдерді жазалау үшін қамшы қолдануға болады деген пікір айтып, хадистерге сүйеніп насихат жүргізген.

Ризабек Батталұлы әйелді ұруға дін рұқсат етеді деп мәлімдеп, бастысы ауыр жарақат салмау керектігін жеткізген. Сонымен бірге ол қазіргі ер адамдарды әлсіз деп сынап, қазақ үйінде қамшының осы мақсатта тұратынын алға тартқан.

“Ұрыңдар дейді. Пайғамбарымыз бір жарақат салып, дене мүшесін сындырып қоймайтын деңгейде нұқып алу керек дейді қазақша тілмен айтқанда. Сондықтан кезінде қазақтың шаңырағында не үшін қамшы ілініп тұрған. Әйел ананы көрген кезде тәубесі есіне түсетін болған ғой. Ей деп қамшыны көрсететін болған. Өйткені ол қамшыны бір жеген да. Одан кейін сен оның дәмін татып көр. Пайғамбарымыздың хадисі бар, “Үйлеріңде ілулі тұрған қамшыларың болсын” деген. Қазақ оны ауадан алған жоқ. Сен қазір он қамшы іліп қойсаң да пайда жоқ. Өйткені ол қазір қорықпайды сеннен. Сондықтан қатынды бастан деп айтқан. Бірінші күннен оңды солды қиқаңдайтын болсаң, міне сенің жауабың деп іліп қою керек. Ал сен қалай айтасың олай. Махаббат, сүйем, күйем, беріліп қойғансың ғой сен. Бір бала туғаннан кейін мүлдем бітесің. Шап десе шабасың, тұр десе тұрасың. Ажырасайын десең, балаңды қимайсың. Ей, сен еркек емессің. Құдай билікті саған берген, өзің ғой айырылып қалған. Билікке бір отырған адам, түспейді. Сондықтан мықты болу керек”, – дейді ол видеода. 

Көпшілік оны "ортағасырлық көзқарас" деп атап, әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықты ақтау деп бағалап отыр. Белсенділер мұндай пікірлер дінді ғана емес, ұлттық құндылықтарды да масқаралайтынын айтып, жауапқа тартуды талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 2
Күлкілі 1
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары