21.08.2025, 12:00

«Жанында анам да болған»: Үржарда алты баланы басып кеткен жүргізушінің ұлы кешірім сұрады (ВИДЕО)

"Көлікте келе жатқанда жүрек талмасы ұстаған".

Абай облысының Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында болған трагедия бүкіл қазақстандықтарды алаңдатып отыр. Рульде болған жүргізушінің ұлының айтуынша,  әкесінің жүрек талмасы ұстап қалған, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Информбюро» бағдарламасының тілшілері рульде отырған жүргізушінің ұлы Ерқанат Серікұлынан шағын сұхбат алып, оқиға туралы сұраған.

«Көлікте келе жатқанда жүрек талмасы ұстаған. Сол кезде рульге ие бола алмай қалған. Жанында анам отырған. Оқыс жағдай әрі өте қайғылы жағай. Бәрі қас-қағым сәтте болған. Қаза тапқан балалардың жақындарынан кешірім сұраймын. Бәріне көңіл айттық. Бұндай сынақты ешкімнің басына бермесін», - дейді ол.