Оқиғаның өзге де егжей-тегжейлері анықталып жатыр.
Алматыда отбасылық жанжал қанды оқиғаға ұласты. Әлеуметтік желілерде тараған дерекке сәйкес, қайғылы жағдай қаладағы Думан шағын ауданында болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
40 жастағы ер адам 38 жастағы әйелін пышақтап өлтіріп, кейін Алматы облысына барып, туыстарының үйінде өз-өзіне қол салған. Әйелдің мәйітін Алматыдағы пәтерден оның туысы тауып алған.
Қалалық Полиция департаменті бұл деректі растады.
«Факт бойынша Медеу аудандық полиция басқармасында қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәліметке сәйкес, қылмыс отбасылық жанжалдың салдарынан болған. Ер адам әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған. Қалған мән-жай тексерілуде», – деп хабарлады Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі.
Оқиғаның өзге де егжей-тегжейлері анықталып жатыр.