$ 444.22  476.38  4.82

Оралдан «Алтын әйел» қаңқасы табылды (ФОТО)

Орал археологтары Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы жерінен 2012 жылы жерленген «Алтын әйелдің» қаңқасы табылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы тарих және археология орталығының директоры Мұрат Сыдықовтың сөзіне сілтеме жасаған «Мой город» порталы хабарлады. 

Жерлеу жүргізілген кешенді археологтар «Тақсай-1» деп атап отыр. Қорғанның атауы осы маңдағы Тақсай стансасынан шыққан.

Зерттеушілер бұл көне қорымды сармат кезеңіне жатқызады. Қорғаннан биіктігі бір метрден асып кететін 80 алтын әшекей табылған. Мұндағы ерекше бұйымға бұрын өзіне ұқсасы кезікпеген алтын тарақ жатады. Тарақтың бетінде сол замандағы сақтар мен парсылар арасындағы шайқастың көрінісі бейнеленген.

— «Алтын әйелді» жерлеу дәстүрі зороастризм дәуіріне жатса керек. Өкінішке орай, әзірге сүйектері нашар сақталғандықтан, әйелдің жас шамасын анықтаудың мүмкіндігі туған жоқ. Бұдан бөлек, онымен бірге екі күзетші әйел жерленіпті. Лаборатоиялық зерттеулердің нәтижесінде қорымның біздің дәуірімізге дейінгі 4-5 ғасырларға жататыны анықталды, — дейді Мұрат Сыдықов.

Қорымнан аттың ауыздығы, тұрмыстық заттар, сондай-ақ, әшекейлер табылған. Шамасы, бұлардың бәрі жерленген әйелге ана дүниеде керек болады деген ұғыммен қойылған.

— «Алтын әйелдің» киім-кешегін белгілі реставратор Қырым Алтынбеков қалпына келтірген.

— Қорымның байлығы жерленген әйелдің сол кездегі қоғамда алған орнын да анық байқатады. Бұл сол кездердің өзінде адамдардың бай және кедей болып бөлінгендерін көрсетеді. Тақсайдың жанында тағы екі қорған бар. Оларды қазуды біз келер жылы жүргіземіз. Бір жақсысы, бұл қорғандарға бұған дейін ешкім тиіспеген екен, ешкімнің тонауына ұшырамаған, — дейді Мұрат Сыдықов.

Археологтар «Алтын әйелді» зерттеуде Германия, Ресей және Жапония ғалымдарымен бірлесіп жұмыс жасапты.

Әзірге «Алтын әйелдің» өзі ешкімге көрсетілген жоқ. Оның тұсаукесері алдағы қыркүйек айында өтеді.

Қазіргі таңда Батыс Қазақстан облысында 1966 археологиялық нысан бар. Мұндағы бір нысанның өзінде елуге дейін қорған бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары