21.08.2025, 17:20

«Шектен шығу»: Баласы мен немересіне аяғын сүйгізген әженің әрекеті талқыға түсті

Фото: видеодан скрин

Гүлбаһар есімді орта жастағы әйел жеке парақшасында отбасындағы үрдістің видеосын көрсетті.

Threads желісінде әжесінің бата бергені үшін аяғынан сүйетін балалардың іс-әрекеті қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Гүлбаһар есімді орта жастағы әйел жеке парақшасында отбасындағы үрдістің видеосын көрсетті.

“Дастархан басында бата жасаймын. Балам бата бергенім үшін аяғымнан сүйеді. Немерелерім соны қайталайды”, – деп жазды желі қолданушысы. 

Алайда бұл жазба көпшіліктің көңілінен шықпады. Бірі діни тұрғыда өте дұрыс десе, енді бірі балалардың психикасының бұзылғанын алға тартты. 

“Бұл ақымақ адамның іс-әрекеті”, “Діннің атын жамылып жүргендер осылай сүйіп жататын”, “Жұмақ ананың табанының астында дегенді тіке түсінеді”, “Біздің мемлекетке қатысы жоқ салт-дәстүр”, “Болашақта балалардың психологиясын уайымдап отырмын”, “Шектен шыққан сый-құрмет секілді”, “Қазақстанда әйелді құрметтесең де жақпайсың, құрметтемесең сөзге қаласың. Түсіну мүмкін емес”, “Балалар ештеңені түсінбей, үлкендерден көргенін жасап отыр”, – деп жазды көпшілік.