$ 537.75  626.43  6.71

Ақмола облысында жантүршігерлік жол апаты: Зардап шеккендер арасында жасөспірім бар (ВИДЕО)

Зардап шеккендердің арасында 2013 жылы туған жасөспірім бар.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

20 тамыз күні облыстық маңызы бар «Азат – Степногорск» автожолының 33-шақырымында ірі жол апаты тіркелді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Желіде тараған бейнежазбадан екі көліктің қатты зақымданғаны байқалады. Оның біреуі кюветке түсіп кетсе, екіншісі жол жиегінде сынған күйі қалған.

Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасына «Toyota RAV4» пен «Toyota Camry» маркалы автокөліктер қатысқан.

Апат салдарынан төртеуі жеңіл жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында 2013 жылы туған жасөспірім бар. Құқық қорғау органдарының дерегінше, оқиғаға кінәлі жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары