$ 537.34  623.05  6.65

«Ережені елемеген халық қалаулысы»: Шымкентте депутаттың жол ережесін өрескел бұзған сәті видеоға түсіп қалды(ВИДЕО)

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Әлеуметтік желіде Шымкент көшелерінің бірінде түсірілген даулы видео тарап кетті. Кадрларда жолдың қақ ортасына тоқтап алған қымбат жол талғамайтын көліктен адам түсіп жатқан сәт байқалады. Жүргізуші де, жолаушы да қауіпсіздік белдігін тақпаған. Бұған қоса, көлік қарсы бағытқа шығып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Тексеру нәтижесінде жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Оған тағылған айыптар: жалған нөмір тағып жүру, қарсы жолаққа шығу, міндетті сақтандырудың болмауы, қауіпсіздік белдігін тақпау, тыйым салынған жерде кері жүру және бұрылыс алдында белгі бермеу. Көлік айыппұл тұрағына жеткізілді. Ал жүргізушімен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, тәртіп бұзушы – Түркістан облысы Байдібек аудандық мәслихатының депутаты, «Қарабатыр» ЖШС директоры Ерғали Аманбаев. Ол «Аманат» партиясының мүшесі болып табылады. Партияның аудандық филиалының Instagram парақшасында Аманбаевтың құрылыс нысандарын аралап жүрген суреттері жарияланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары