22.08.2025, 17:20

«Аллаға сансыз шүкір!»: Танымал журналист Ғалым Қалмен сүйінші жаңалығымен бөлісті (ВИДЕО)

Фото: Instagram/galymkalmen

"Қазағым көбейсін!"

Журналист Ғалым Қалмен ұлды болғанын хабарлап, елден сүйінші сұрады, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

“Аллаға сансыз шүкір! Сүйінші, ағайын! Ұлды болдық!!! Көптің тілегі қабыл болып, Әсем келіндеріңіз аман-есен жеңілдеді.

Жаратушы ием жар болғай! Ұл сұрағанға ұл, қыз сұрағанға қыз берсінші Раббым! Қазағым көбейсін!”,- деп жазды Ғалым Қалмен.