«Мұндайларды азаматтықтан айыру керек».
Үндістандық азаматқа тұрмысқа шыққан Әйгерім Гаутам әлеуметтік желіде жариялаған видеосынан кейін сынға ұшырады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбада ол кішкентай үнді балаларын мейірлене құшақтап, сүйіп жатқанын көруге болады. Алайда бұл көрініс кейбір желі қолданушыларына жақпай қалған. Тіпті пікір қалдырушылардың арасында:
«Фу, жиіркенішті!», «Мұндайларды азаматтықтан айыру керек», «Қазақтың еркегі жоқтай, үндіден бала тапқан», деген сыни жазбалар да кездескен.