Жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Ақтауда жасөспірім нөмірсіз мотоцикл тізгіндеген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оны полицейлер тоқтатып, көлігін алып кетпек болған. Сол сәтте бала полиция қызметкерлерін "қоқыс" деп балағаттаған. Осыдан кейін жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Оның ата-анасы бала тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция мәліметінше, тәркіленген мотоцикл мамандандырылған уақытша ұстау учаскесіне жеткізілді.