Тамақтан ләззат алып отырған сәтінде өткір затқа тісі тигенін, артынан аузынан қан шыққанын байқаған
Қазақстандық бойжеткен әлеуметтік желідегі парақшасында Mangal doner мейрамханасынан алған тамағынан әйнек сынығын тауып, аузы жараланғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Оның сөзінше, таңғы сағат 04:00-де кезекті жұмыс ауысымынан кейін аш қарынға әдеттегідей донерге тапсырыс берген. Алайда тамақтан ләззат алып отырған сәтінде өткір затқа тісі тигенін, артынан аузынан қан шыққанын байқаған. Қараса — әйнек сынығы болып шыққан.
“Glovo мүлдем көмектеспеді”, – деп жазды Threads желісіндегі @nuraaiiina.
Ол операторға жазған чатының скриншоттарын жариялап, Mangal doner-ді жазалауды талап еткен. Кейіннен жазбаны өшіріп тастады.
Glovo өкілі оған тапсырыс ақшасын қайтарып, тексерістен соң мейрамханаға айыппұл салынатынын жеткізген.
Оқиғаға пікір білдіргендердің бір бөлігі қызды қолдап, сапасыз қызметке наразы болса, тағы бірі Glovo-ны ақтап, жеткізу сервисі тағамның сапасына жауап бермейді деп жазған.
Редакция бұл жағдайға байланысты Mangal doner мейрамханасына ресми сауал жолдады.