18.08.2014, 10:15

Мемлекеттік Туды қор қылған алматылық жүргізушіге 200 АЕК айыппұл салынды

Сурет: auto.lafa.kz

Алматыда жүк көлігінің үстіне Мемлекеттік Туды жабын ретінде пайдаланған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Skifnews.kz. Бұл туралы сайтымызда бұған дейін де жазған болатынбыз.

Мемлекеттік Туды жүк көлігінің үстін жабуға пайдаланған жүргізуші, өзінің айтуынша, соның туды алдында ғана тауып алған.

— Мемлекеттік нышандарды қолдану тәртібінің бұзылу» айғағына байланысты Алматы қаласы Медеу аудандық аумақтық инспекторы әкімшілік өндірістік іс қозғалды. Көлемі 1х2 метр болатын Мемлекеттік Ту азаматтың тұрғылықты мекенжайынан барып алынды, — дейді қалалық полиция өкілдері.

Жоғарыда аталған санкцияға байланысты айыпты жүргізуші 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейтін болады. Жақын арада жүргізуші осы шешімнің орындалуы үшін Алматы қалалық ауданаралық мамандандырылған сотына жеткізіледі.

Айта кетейік, 15 тамыз күні auto.lafa.kz сайтында суретімен берілген хабарлама жарияланған еді.

«Камаз үстіндегі жүктің жолда шашылмасы үшін жүргізуші әлде Мемлекеттік Туды, әлде Ту бейнеленген плакатты пайдаланған», делінген хабарламада.