$ 537.63  622.52  6.69

Ата-анасы үйде болмаған: Астанада 3 жасар бала терезеден құлап ажал құшты

Елордада жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап, көз жұмды. 

Фото: Pexels
Фото: Pexels

Оқыс оқиға кеше елордадағы көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде болған. Бұл ақпаратты қалалық полиция растап отыр, деп хабалайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

— 26 тамызда елордада көпқабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы терезеден үш жастағы бала құлап, алған жарақаттар салдарынан оқиға орнында қаза тапты. Белгілі болғандай, оқиға кезінде үйде ата-анасы болмаған, балаға оның 7 жастағы ағасы қарап отырған, — делінген хабарламада.

Осы орайда Астана қалалық полициясы қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін еске салады. 

— Мұндай жағдайдың басым бөлігі ересектердің жеткіліксіз назарынан, немқұрайдылығынан және қарапайым сақтық шараларын сақтамау салдарынан болып жатады. Құрметті ата-ана, бала қауіпсіздігі сіздің қолыңызда. Тек ересектердің қырағылығы мен жауапкершілігі ғана қайғылы оқиғаның алдын алады, — дейді полициядан.

Айта кетсек, елордада жыл басынан бері 13 бала терезеден құлап, көз жұмды. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары