$ 537.63  622.52  6.69

Қазақстан сырасы шетелді жаулап жатыр: экспорт 10 жылдағы рекордты жаңартты

Сарапшылар мұны отандық өндірушілердің жаңа серпіні деп бағалап отыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

2025 жылдың алғашқы жартысында Қазақстаннан 12,6 млн литр сыра сыртқа жөнелтілді. Бұл – өткен жылға қарағанда 30%-ға көп және соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Экспорттың басым бөлігі Ресейге бағытталған: көрші елге 7,5 млн литр жеткізілген. Бұл 2024 жылмен салыстырғанда 24%-ға артық. Қазақстандық сыраның бағасы да бәсекеге қабілетті – бір литрі шамамен $0,7, яғни ТМД-дан тыс елдерден әкелінетін импорттық сырадан екі есе арзан.

Сонымен қатар, Қазақстан сырасы Беларусь пен Қырғызстанға да жол тартқан. Сарапшылар мұны отандық өндірушілердің жаңа серпіні деп бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#сыра #экспорт