$ 538.54  628.31  6.7

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президентін құттықтады

Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан президенті Садыр Жапаровты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жеделхат жолдады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Президенті Қазақстан халқының және өз атынан Садыр Жапаров пен оның отандастарын Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

“Еліміз қазақ-қырғыз сан қырлы стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Бірлескен күш-жігер арқылы ғасырлардан тамыр тартатын достық, тату көршілік және өзара қолдау рухындағы мемлекетаралық байланыстарды нығайтуда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізетінімізге сенімім мол”, – деп жазды Ақорда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары