01.09.2025, 04:30

«Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіхалықова»: Белгілі журналистің ұлының үйлену тойында кіл шенеуніктер бас қосты (ВИДЕО)

Фото: видео скриншот

Мерейлі сәтке саясат пен мәдениет саласының танымал тұлғалары қатысты.

Сауытбек Абдрахмановтың ұлының тойында шенеуніктер бас қосты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, журналист, ғалым Сауытбек Абдрахмановтың ұлының үйлену тойы өтті.

Мерейлі сәтке саясат пен мәдениет саласының танымал тұлғалары қатысты. Олардың қатарында Қырымбек Көшербаев, Гүлшара Әбдіқалықова және өзге де ірі қоғам қайраткерлері болды.

Айта кетейік, Абдрахмановтың үлкен ұлы бұған дейін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметін атқарған.

Сауытбек Абдрахманов – Қазақстанға еңбегі сіңген журналист, филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы. Ол «Егемен Қазақстан» газетінің ұзақ жылдар бойғы басшысы, сондай-ақ Мәжіліс депутаты ретінде ел дамуына зор үлес қосқан тұлға.