Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша өрт 850 шаршы метрді шарпыған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, қызып тұрған металл конструкциялардың бір бөлігі опырылып түскен. Тығыз орналасқан құрылыс нысандары жалынның одан әрі таралу қаупін күшейткен.
Алатау ауданындағы үш қабатты ғимараттағы өртті сөндіруді бірнеше фактор қиындатқан. Өрт сөндірушілер жеткен кезде ғимаратта жалынның қарқыны күшейіп кеткен. Сонымен қатар ашық тұрған терезелер арқылы ауа кіріп, оттың тез таралуына әсер еткен.
Нысан қаладағы ең көп жүк түсетін автомагистральдардың бірінде орналасқандықтан, арнайы техниканың кіруі де қиын болды.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.