$ 538.54  628.31  6.7

«Пәтерінде жалаңаш ояндым»: Мектептің экс-қызметкері бұрынғы директор орынбасарын өзіне тиісті деп айыптады

Бұл оқиға директор орынбасарының пәтерінде болған.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Атырауда №30 мектептің бұрынғы қызметкері білім ордасының бұрынғы директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарын өзіне тиісті деп айыптады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, 2013 жылы ол мектепке жұмысқа орналасқан. Сол кезде директор орынбасары болған ер адам өзінің категория алуын және жігіттің алғашқы жалақы алуын атап өтуді ұсынған.

Бұл оқиға директор орынбасарының пәтерінде болған. Жас маман ер адамның үйінде таңертең жалаңаш оянған.

"Пәтерде тағы екі ер адам болды. Сол кезде ол маған: "Біздің әлемге қош келдің. Енді сен бізденсің" деді. Егер біреуге мен туралы айтатын болсаң, сені де айтамын деп қорқытты", – дейді экс-қызметкер.

Арада 13 жыл өткен соң ер адам бұл жағдайды ашық айтуға шешім қабылдаған. Өйткені сол кездегі директордың орынбасары қазір қаладағы мектептердің бірінде директор болып отыр екен.

"Ол қазір 100 000 оқушы бар білім ордасының директоры болып отыр. Бұл өте жиіркенішті. Ол сол әрекетін әлі де жалғастырып жүр деп ойлаймын. Өйткені бір танысымнан оның жас жігіттерді тауып беруін өтінгенін естідім”, - дейді.

Бұл жағдайға қатысты мектеп директоры өзі пікір білдірді. Сөзінше IT маманы жалған ақпарат беріп отыр.

“Мен Далиев Дулат Елемесұлы 1999 жылдан бері түрлі білім ордаларында педагог ретінде жұмыс істеп келемін. Осы уақытқа дейін ата-аналар және педагогтер тарапынан әрекетіме қатысты шағымдар болған емес. Ал әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты айтарым болса, ешқандай ақпарат расталмай тұрып, бір-бірлеріңізге таратпауларыңызды ұсынамын. Өйткені пен педагог ғана емес бір ұл мен қыздың әкесі боламын”, - дейді мектеп директоры. 

Ал облыстық білім басқармасындағылар көтерілген мәселеден кейін екі ұстаздың жеке басы тексерілетінін айтты.

"Білім басқармасы әлеуметтік желілерде орта мектептің мұғаліміне қатысты түскен өтініш бойынша тексеру жүргізеді. Сонымен қатар, аталған өтінішті жариялаған азаматқа құқық қорғау органдарына хабарласуды ұсынамыз, бұл жағдайды құқықтық алаңда жан-жақты және объективті зерттеу үшін", - деді білім басқармасының ресми хабарламасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары