$ 538.54  628.31  6.7

Павлодар базарында ер адам өзін өртемек болды (ВИДЕО)

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: arbatmedia.kz
Фото: arbatmedia.kz

Павлодарда қаладағы базарлардың бірінде ер адам өзін өртемек болды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға “Жайлау” базарында тіркелген. Белгілі болғандай, жергілікті жалға алушылардың бірі осындай қадамға барған.

“Алдын ала болжам бойынша, бұл әрекетке жалдау ақысымен байланысты мәселелер түрткі болған. Оқиға орнына полиция қызметкерлері мен базар әкімшілігі қауіпсіздік шараларын қабылдап, жедел жәрдем шақырды”, – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары