$ 540.18  628.93  6.68

Таразда оқушылардың арасында жанжал шығып, 1 жасөспірім көз жұмды

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады.

Фото: УН
Фото: УН

Таразда жасөсіпірімдер жанжалдасып қалып, олардың бірі пышақ жарақатынан көз жұмған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға 1 қыркүйекте болған. Полиция бұл ақпаратты растады.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде кәмелетке толмаған күдікті "ізін суытпай" ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары