$ 537.91  628.87  6.6

Оралда ұрланған көлік апатқа ұшырады: бір адам қаза тапты

Тергеу жүріп жатыр. 

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Орал қаласында көлік ұрлығы қайғылы жағдайға әкелді. Ер адам Renault Logan автокөлігін айдап кетіп, полицейлерден қашу кезінде ірі жол апатын жасады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оқиға Назарбаев пен Карев көшелерінің қиылысында болды. Күдікті қызыл жарыққа қарамай, жоғары жылдамдықпен жүріп өтіп, Lada Granta және Lada Largus көліктеріне соқтығысқан. Lada Granta жүргізушісі ауыр жарақат алып, кейін ауруханада көз жұмды.

Ал көлік ұрлаған адам да жарақаттанып, қазір полиция күзетінде емделіп жатыр. Полиция департаменті жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Тергеу жүріп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары