Қай бетімен тапсырды екен?
Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбек кәсіпкер Нұрлан Смағұловтың қақпашы Темірлан Анарбековке планшет сыйлағанын сынға алды. Ол өз ойын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Шіркін-ай, мына Смағұловтың қылығына таңғалдым. Өзі ұялмай ма екен осылай планшет ұстатқанға? Тіпті, сырттай отырып өзім ыңғайсызданып кеттім. Қай бетімен тапсырды екен? Әлде екі қолын бүркеп берді ме екен? Кеше ғана шетелде жүрген бір қазақ жігіт айтты: “Жанымдағы еуропалық достарым осыны көріп күліп жатыр, намыстанып кеттім” , - деді..
Мұндай күлкіге қалдырғанша, үшеуі жай ғана суретке түскендері дұрыс қой. Міндетті түрде кішкентай планшетті көрсету не үшін керек болды? Бұл мақтаншылық па, әлде астамшылық па?
Смағұловты қоя берейік, ол онсыз да жағдайы бар адам. Бірақ “Қайрат” клубының қожайыны Боранбаевтың Қайраты қайда қарап отыр? Осындай сәтте жас қақпашымыз Темірланға алақандай планшет ұстатып қоя салғандарына намыстанбады ма? Бүкіл әлем біздің қарадомалақ ұлымызды мойындап жатыр, Қазақстанды бір күнде танытты десек болады.
“Қайрат” клубы 11 миллиард табыс тапқанын елдің бәрі жазып жатыр. Қайреке, дәл осындайда мәрттігіңізді көрсетіп, шын қолдауды білдірсеңіз болмас па еді? Халық онсыз да сіздің бұрынғы әрекеттеріңіз үшін реніш танытып жүр", – деп жазды журналист.