Айта кетерлігі, Үкімет құрамында Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Түркістан және Қостанай облыстарынан бірде-бір өкіл жоқ.
Қазақстан Үкіметінің қазіргі құрамы – 26 қызметкерден тұрады. Осы тұста Newtimes.kz ақпарат агенттігі шенділерге қатысты қызықты деректерді жинақтады, - деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қазіргі құрамдағы 26 қызметкердің тек үшеуі ғана әйел. Олар: Аида Балаева — Мәдениет және ақпарат министрі, Ақмарал Әлназарова — Денсаулық сақтау министрі, Светлана Жақыпова — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.