03.09.2025, 11:20

Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті

Фото: Todayinfo

Берденовтің бұл сапары кәсіби мақсатта болуы мүмкін.

Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденов Бейжіңде көзге түсті,- деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Суретте СІМ басшысы Мұрат Нұртілеу де көрінеді. Ал Берденовтің бұл сапары кәсіби мақсатта болуы мүмкін.

Айта кетейік, қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Қытайда ресми сапармен жүр.

Еске салайық, жуырда Руслан Берденов өз еркімен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Ол бұл қызметті биылғы жылдың ақпан айынан бері атқарып келген.