03.09.2025, 16:00

Бұрынғы Бас көлік прокурорына іздеу жарияланды

Фото: видеодан скрин

Осы орайда Ержан Сәденов экс-шенеунікке қандай баппен іздеу жарияланғаны туралы мәліметті нақтылаған жоқ.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұрынғы Бас көлік прокуроры Мақсат Дүйсеновке іздеу жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

- Іздеуге біз бастамашылық жасамадық. Сіздер құзіретті органдарға жүгінгендеріңіз жөн. Иә, іздеу жарияланды, іздеудегі адамдардың тізімінде бар. Бұл мәселені бастамашымен бірге шешеміз, - деді миинстр Мәжілістің жалпы отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Осы орайда Ержан Сәденов экс-шенеунікке қандай баппен іздеу жарияланғаны туралы мәліметті нақтылаған жоқ.