Қазір істің-мән жайы анықталып жатыр.
Алматы облысының полициясы қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, қинаған екі әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір істің-мән жайы анықталып жатыр.
«Полиция кәмелет жасына толмаған қыз баланы ұрып-соғып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олар уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу басталды», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.