03.09.2025, 16:20

Алматы облысында екі әйел кәмелетке толмаған қызды ұрып-соғып, зорлық көрсеткен (ВИДЕО)

Қазір істің-мән жайы анықталып жатыр.

Алматы облысының полициясы қыз балаға зорлық-зомбылық көрсетіп, қинаған екі әйелді қолға түсірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, қазір істің-мән жайы анықталып жатыр.

«Полиция кәмелет жасына толмаған қыз баланы ұрып-соғып, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олар уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір істің мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу басталды», - деп хабарлайды Алматы облысының полиция департаменті.