Ержан Сәденов мұндайға полицейлердің салғырттығы себеп болғанын айтты.
Шымкент әкімінің бұрынғы орынбасары Руслан Берденовке оқ атылған қару Астанада есептен шығарылған болып шықты. Ішкі істер министрі Ержан Сәденов бұл жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтты, - деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ержан Сәденов мұндайға полицейлердің салғырттығы себеп болғанын айтты.
"Иә, өкінішке қарай, мұндай жайт болды. Біреу сатып жіберді деген емес себеп емес, (полиция қызметкерлерінің – еск.) немқұрайлы қарауы себеп болды. Қылмыстық іс қозғалды", – деді министр.