$ 537.91  628.87  6.6

Астанада бизнес орталықта өрт шықты

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Фото: ҚР ТЖМ
Фото: ҚР ТЖМ

Астанада бизнес орталықта өрт шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.  

Нұра ауданы Нарықбаев көшесіндегі 10 қабатты бизнес орталықтың 7-10-қабаттарының аралығындағы сыртқы қаптама жанған.

– Жедел жеткен құтқарушылар өрт ғимараттың ішіне таралуына жол бермей, өртті тез арада сөндірді. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін адамдар бизнес орталықтан өз бетінше далаға шыққан, – деп жазылған ТЖМ таратқан хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары