05.09.2025, 10:10

Студенттердің ақшасы тоналды: Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған

Фото: Pixabay

Құжаттар қолдан жасалып, кейбір шығындар «прокуратура тәркілеп алды» деген желеумен есептен шығарылған.

Студенттердің ақшасы тоналды: Ақмола колледждерінде жүздеген миллион ұрланған Ақмола облысының ТжКБ ұйымдарында тексеріс жүргізген ревизиялық комиссия студенттердің қаржысына қатысты жантүршігерлік фактілерді ашып берді. Бұл деректерді РОО «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысының Ақмола филиалы мен Қоғамдық кеңес жария етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Аудит нәтижесінде бухгалтерияда қаржыны жасыру үшін нөлдерді өшіріп отырғаны анықталды: 3 млн теңге құжатта 3000 теңге болып көрсетілген; 2 млн теңге 2000 теңгеге «қысқартылған».

Құжаттар қолдан жасалып, кейбір шығындар «прокуратура тәркілеп алды» деген желеумен есептен шығарылған.

Колледждің ғимараты мен құрал-жабдықтары жеке адамдарға жалға беріліп, ешқандай келісім-шартсыз және төлемсіз пайдаланылған. Залал — шамамен 3 млн теңге. Сол «арендаторы» жалған түрде колледж қызметкері ретінде тіркеліп, жалақы алып отырған. Штатты да фиктивті қызметкерлермен «толтырған». Бір оқытушыға заңсыз 10 млн теңге аванс берілген, бірақ бұл қаржы қайтарылмаған. Директор мен бас бухгалтердің туыстық байланысы бар екені белгілі болды.

РОО «Жаңару» мен Қоғамдық кеңес бұл фактілерге дереу назар аударуды талап етіп, Экономикалық тергеу департаментін, Бас прокуратураны және Оқу-ағарту министрлігін іске араласуға шақырды.