$ 540.05  629.16  6.65

Су құбырынан кейінгі сұмдық: Семейдің көшесі өткел бермейтін батпаққа айналды

Ал тұрғындар болса, жауапты органдардың уәделері ұзаққа созылмай, жол тез арада қалыпқа келтірілсін деп талап етуде.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Семейдің Нахаловка ауданында орналасқан Широкая көшесі жаңбырдан кейін балшыққа толып, тұрғындардың наразылығын тудырды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жергілікті халықтың айтуынша, жазда су құбырын тартқаннан кейін жол жөнделмей қалған. Ал қазір жауын жауған сайын көше ми батпаққа айналып, балалар мектепке, ересектер жұмысқа бара алмай қиналып отыр. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда тұрғындардың «қаланың ішінде жүріп, ауылдағыдай батпақ кешіп жүрміз» деп ашуланғаны көрінеді. Қала әкімдігі бұл мәселеге қатысты ресми түсініктеме берді:

— Биылғы жылы ТКШ бөлімі «Нахаловка кентінде су құбырларының құрылысын салу» жобасын жүзеге асырды. Жоба аясында жеке үйлерге су құбыры тартылды. Дегенмен, нөсер жауын салдарынан кейбір аумақтарда су жиналып қалды. Осыған байланысты мердігер мекемеге жолды ретке келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдау тапсырылды, — деп хабарлады әкімдік.

Ал тұрғындар болса, жауапты органдардың уәделері ұзаққа созылмай, жол тез арада қалыпқа келтірілсін деп талап етуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары